Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мектептерінде ЛГБТ құқықтары туралы сабақтар жүріп жатқаны рас па: БҒМ жауабы

Опубликовано:

окушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орыс тілі сабағында оқушыларға ЛГБТ-қоғамдастық өкілдерінің құқықтары туралы айтылып жатқаны жөнінде хабарлама таратуда. Бұл ақпаратты еліміздің Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды деп жазады stopfake.kz сайты.

Желіде тараған хабарламада Өскемен мектептерінің бірінде ЛГБТ-қоғамдастық өкілдерінің құқықтары туралы сабақ өткізілгендігі айтылған. Бұл туралы желіде өзін 8-сынып оқушыларының бірінің анасымын деп таныстырған әйел жазған.

БҒМ хабарлауынша, аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, әйелдің сөздері шындыққа жанаспайтыны анықталған.

"8-сынып оқушысы ата-анасының әлеуметтік желілердегі орыс тілі сабақтарын өткізу туралы хабарламасы бойынша ШҚО білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Оқу материалының мазмұны "Отбасы: құқықтары мен міндеттері" бөліміне сәйкес іріктелді. Орыс тілінен осы сабақтың мазмұнына ЛГБТ қауымдастықтары өкілдерінің құқықтары кірмейді. Ата-ана ұсынған ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген ведомство жауабында.

Еске салсақ, бұған дейін 20 қыркүйектен бастап оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшірілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын жазған едік.

Онлайн оқыту форматына көшу туралы ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932747-qazaqstan-mektepterinde-lgbt-quqyqtary-turaly-sabaqtar-zurip-zatqany-ras-pa-bgm-zauaby/

pixel