Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүкіл әлемде балаларға жаппай жаңа дерт жұға бастады

Опубликовано:

Бала ауруханада
Көрнекі сурет: Jill Lehmann/Getty Images

АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария және Жапония дәрігерлері бүкіл әлемде балалар респираторлық-синцитиальдік вирусты (RSV) жаппай жұқтыра бастағанын хабарлады. Бұл туралы BBC News жазады.

АҚШ-тың Нью-Йорктегі ауруханаларының бірінде балалар жұқпалы аурулары бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейтін Рабиа Аганың айтуынша, нәрестелер мен балақайлардың жаңа вирусты жұқтыру жағдайлары сәуір айында тіркеле бастаған, салдарынан жансақтау бөлімдері лезде толып кеткен екен.

Ғалымдардың айтуынша, RSV дертінің таралуына коронавирус пандемиясы әсер еткен - карантиндік шаралардың салдарынан балаларда аталмыш вирусқа қарсы иммунитет қалыптасып үлгермеген. Дерттің өршуі коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін байқалған.

АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, балалардың көпшілігінде дерт жеңіл өтуде - олардың мұрны бітіп, жөтел мазалап, көбінде ауру тұмауға ұқсас келеді.

Бірақ кейбір жағдайларда бұл дерттің салдары бронхиолитке, өкпенің төменгі бөлігінің қабынуына әкеліп соқтыратынын байқаған дәрігерлер дабыл қағуда.

Оның үстіне, әдетте тек қыс мезгілі өршитін бұл дерттің әлем бойынша тарала бастауы және дертке қатысты толыққанды ақпарат жоқтығы дәрігерлерді алаңдаттырып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1932757-bukil-alemde-balalarga-zappai-zana-dert-zuga-bastady/

pixel