Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 құрсақ көтеріп, 75 немере, 26 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отырған түркістандық әжей туралы не білеміз

Опубликовано:

Зәуре әже
Кадр: "Хабар 24"

Түркістан отбасы Жетісай ауданына қарасты Жылысу ауылындағы Сүттібаевтар отбасын жерлестері жақсы таниды. Биыл 80-ге келген Зәуре әже 13 құрсақ көтеріп, 11 баланы тәрбиелеп жеткізген. Батыр ананың қыздары мен келіндері де үбірлі-шүбірлі болып, түтін түтетіп отыр деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл отбасының әр мүшесі көпбалалы. Ал шаңырақтың ұйытқысы – Зәуре әжей әулетке 15 жасында келін болып түсіп, 13 құрсақ көтерген. Жолдасы бір үйдің жалғыз баласы болғанын айтады. Сондықтан ата-енесіне де қарап, ерінің де жағдайын жасап, бала-шағасын да бағып, барлығына үлгеруге тырысқан. Өзі ата-анасыз жетім өскендіктен, жастайынан бейнетті көп көрген. Толғағы келгенде бір-екі баласын үйде, ат арбаның үстінде босанғанын айтады

"Кішкентайымнан келіп қара жұмыс істедім. Жаяу келіп егіз де тудым, жалқы да тудым. Құдайдың берген 13-ін тудым, 11-і бар. Құдайға тоба! Әуелі Алла, одан кейін ата-енемнің арқасында. Қызым деуші еді мені", - дейді Зәуре Сүттібаева.

Әулеттің қыздары мен келіндері де ана жолын жалғап, көпбалалы отбасыға айналған. Зәуре әже қазір бес қыз, алты баласынан 75 немере, 26 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отыр. Қолындағы кіші келіні Сапаркүл де көпбалалы.

"Егер ата-ана өз парызын дұрыс атқарса, бала да перзенттік міндетін мінсіз орындайды. Балаң ұятқа қалдырмасын десең, дұрыс ата-ана бол" дегенді енем үнемі айтып отырады". Бұл әулетке алтыншы келін болып түстім. Алдымда 6 абысыным, бес қайынағам бар. Сол кісілердің жолымен, ең алдымен енемнің тәрбиесін алып келемін. Үйреткендерін өмірімде пайдаланып, қолданып келемін. Енемнің ақылы үлкен мектеп. Той-томалақ болса, бір тойдың қызметін өзіміз-ақ атқарып тастаймыз", - дейді Сапаркүл Шорабекова.

Айта кетейік, Жетісай ауданында Сүттібаевтар әулеті сияқты 16 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі көп баласы бар аналардың саны 8 мыңға жуықтайды.

Бұдан бөлек, 369 батыр ана, 1700-ге жуық алтын, 5 мыңнан аса күміс алқа иелегерлері бар. Ал 749 ана I-II дәрежелі Ана даңқы ордендерімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932798-13-qursaq-koterip-75-nemere-26-sobere-6-sopsek-suiip-otyrgan-turkistandyq-azei-turaly-ne-bilemiz/

pixel