RU

Коронавирус: Еліміздің қанша өңірі "жасыл" аймақта тұр

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазақстанның екі облысы "жасыл" аймақта тұр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында хабарланды.

20 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей орналасқан:

  • "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау,Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.
  • "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бар.
  • "Жасыл" аймаққа Түркістан, Жамбыл облыстары енген.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 2438 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ел бойынша ауру жұқтырғандар саны 862 862-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932821-koronavirus-elimizdin-qansa-oniri-zasyl-aimaqta-tur/