Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақшаны қол алысу кезінде берген: Шығыс Қазақстанда қылмыстық топтың жолы кесілді

Опубликовано:

Жүк көлігі
Көрнекі фото: Sputnik / Евгений Епанчинцев

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкерінен тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram каналында хабарлады.

Ведомствоның дерегінше, қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған.

Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған.

Пара сомасы 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейінгі аралықты құраған, оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде Инспекция қызметкерлеріне беріп отырған.

Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болған.

Ведомствоның мәліметінше, барлығы ақша аударымының 20-дан астам эпизодтары құжатталған.

"4 адамға қатысты сот "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады және тергеумен белсенді ынтымақтастыққа келді.

Қазіргі уақытта Агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932836-aqsany-qol-alysu-kezinde-bergen-sygys-qazaqstanda-qylmystyq-toptyn-zoly-kesildi/

pixel