Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус жұқтырған 1051 адамның жағдайы ауыр

Опубликовано:

дәрігер-індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы деректерді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде өткен тәулікте 2438 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталған. Ал 18 қыркүйекте дертті жұқтырғандар саны 2781 адамды құраған болатын. Осылайша, дертті жұқтыру көрсеткіші қатарынан екі күн төмендеп келеді.

Ал ел өңірлері арасында коронавирус ең көп таралған аймақтардың көшін, әдеттегідей Алматы қаласы мен Қарағанды облысы бастап тұр.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 862862.

Сонымен қатар, 20 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 290 адам коронавирус инфекциясынан (–61 705 + және 8 585 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 13 333 пациент стационарда, 56 957 науқас амбулаториялық деңгейде.

  • КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 1 051 адамның жағдайы ауыр,
  • 278 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932861-elimizde-koronavirus-zuqtyrgan-1051-adamnyn-zagdaiy-auyr/

pixel