Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кабул мэрі "ерлерге ғана лайық" лауазымда әйелдердің қызмет етуіне тыйым салды

Опубликовано:

Ауған әйелі
Ауған әйелі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ауғанстан астанасы Кабулдың уақытша мэрі Хамдулла Намони "ер азаматтарға ғана лайық" жұмыстарды атқарып жүрген әйелдерге өз қызметін жалғастыруға тыйым салды деп жазады Al Arabiya.

Намонидің айтуынша, бұл санатқа конструкторлық және инженерлік бөлімдердегі білікті жұмысшылар, сонымен қатар әйелдерге арналған қоғамдық дәретханалардағы жұмысшылар кіреді.

Сондай-ақ, Хамдулла Намони Кабулдың муниципалды департаменттерінде жұмыс істейтін әйелдер туралы соңғы шешім әлі қабылданбағанын және олар жалақыларын алатынын алға тартты.

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) алғашында әйелдердің қоғамдағы тыныс-тіршілігіне айтарлықтай қысым жасалмайтынына сендіргенімен, көп ұзамай Намони осындай даулы мәлімдеме жасап отыр.

Айта кетсек, бұған дейін 1990 жылдарда билік құрған тәліптер қыздар мен әйелдерге мектепке баруға және жұмыс істеуге тыйым салған болатын.

Тәліптер Ауғанстанды өткен айда басып алғанға дейін, қаланың 3000-ға жуық жұмысшыларының үштен бір бөлігін әйелдер құраған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Ауғанстанның нәзік жандылары тәліптер бекіткен қатаң киім үлгісіне қарсы шығып, желіде арнайы челлендж бастап кеткені туралы жазған едік.

Мұндай челленджді Ауғанстандағы Америка университетінің бұрынғы профессоры Бахар Джалали бастаған. Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында ұлттық нақыштағы әдемі жасыл көйлек киген суретін жариялайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932862-kabul-meri-erlerge-gana-laiyq-birqatar-lauazymda-aielderdin-qyzmet-etuine-tyiym-saldy/

pixel