Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицияның құпия құжаттары Көкшетаудағы қоқыс үйіндісінен табылды

Опубликовано:

ҚҰжат
Фото: t.me/kozachkow

Көкшетауда қоқыстан желілік полиция бөлімінің құжаттары табылды. Жағдайға қатысты ІІМ Көліктегі полиция департаменті пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Kozachkov offside Telegram каналының дерегінше, Көкшетауда қоқыстан полиция бөлімінің құжаттары табылған.

Әлеуметтік желіде пайда болған суреттер желіде қызу талқыға түскен. Осыған байланысты ІІМ көліктегі полиция департаменті қызметтік тергеу бастаған.

"Қолдануға жарамсыз құжаттардың ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты Көліктік полиция бөлімі Көкшетау қаласындағы қоқыс жәшігінен табылған затқа қатысты қызметтік тергеу жүргізуде. Оның барысында оқиғаға құқықтық баға беріліп, кінәлілер жауапқа тартылады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932883-policiyanyn-qupiya-quzattary-koksetaudagy-qoqys-uiindisinen-tabyldy/

pixel