Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш күн бойы ішімдік ішкен": Атырауда алты айлық сәбидің анасы жауапқа тартылды

Опубликовано:

Әйел
Фото: atpress.kz

Атырауда алты айлық баласы бар 37 жастағы әйел ата-аналық міндеттерін орындамауына байланысты жауапқа тартылды деп жазады ATPress.kz.

Белгілі болғандай, 15 қыркүйек күні алты айлық сәбиі бар әйелді қала тұрғындарының бірі көшеде мас күйде жүрген жерінен байқап, бұл туралы дереу полицияға хабар берген.

"37 жастағы әйелдің алты айлық баласы бары анықталып отыр. Ол үш күн бойы ішімдік ішкенін айтып, өз кінәсін мойындады", - дейді полициядан.

Әйелге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігі "Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауы" дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Бүгінгі таңда әйелді полиция "Аз қамтылған отбасы" ретінде есепке алған. Оның мәселесін арнайы комиссия қарайтын болады.

Дереккөз: ATPress.kz

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласында күні бойы үйде қамалып, аш отырған үш баланың құтқарылғанын жазған едік.

Тәртіп сақшылары тексеріс барысында үйде үш бала күні бойы жалғыз болғанын, аш отырған екі айлық нәрестені сегіз жасар ағасы пакеттегі сүтпен тамақтандыруға мәжбүр болғанын анықтаған.

Ал анасының Ақсу қаласынан Павлодарға ақша табу үшін кеткені белгілі болған.

Енді оны ата-ана құқығынан айыру-айырмау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932897-us-kun-boiy-isimdik-isken-atyrauda-alty-ailyq-balanyn-anasy-zauapqa-tartyldy/

pixel