Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі жазушы Рафаэль Ниязбек өмірден озды

Опубликовано:

Ақын
Фото: Егемен Қазақстан

Қазақтың белгілі ақыны, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэл Ниязбек өмірден өтті деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растап отыр.

Айта кетейік, Рафаэл Ниязбек 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тамамдаған. 

1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 

1971-1977 жылдары "Жұлдыз" журналында, 1977-1991 жылдары "Жазушы" баспасында редактор болып істеген. 

1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан.

Қазақстан Жазушылар одағының Iлияс Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері.

Шешенстан Республикасы Жоғарғы мемлекеттік "Ұлт намысы" орденінің иегері.

Шешенстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932900-qazaqstannyn-belgili-zazusysy-omirden-otti/

pixel