Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей университеттерінің бірінде атыс болды: Қаза болғандар мен жараланғандар бар (видео)

Опубликовано:

Атыс
Фото: Telegram/РИА Новости

БАҚ Ресей қалаларының біріндегі университетте атыс болды деп хабарлауда. Оқыс оқиға Пермь қаласындағы Пермь мемлекеттік университетінде болған.

Университет қабырғасында болған атыстан кейбір студенттер ғимараттағы терезе арқылы сыртқа шығып үлгерсе, енді бірі аудиторияларға тығылған. Атыс кезінде травматикалық қару қолданылған.

Оқиға куәгерлері қолына қару алып ғимаратқа қарай бет алған ер адамды видеоға түсіріп алған.

Алдын ала болжам бойынша атыс салдарынан 5 адам қаза тауып, 11 адам жараланған. Оқ атқан адам аяғынан жараланған, ол қазіргі уақытта ұсталды деп хабарлайды Life Telegram арнасы.

Ескерту! Видеода жантүршігерлік көріністер бар! Видео психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1932908-resei-universitetinde-atys-boldy-qaza-bolgandar-men-zaralangandar-bar-foto-video/

pixel