Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда жас қызды ұрып-соғып, тонап кеткен

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістанда жас қызын өзін белгісіз біреулер ұрып-соғып, тонап кеткенін айтып, қалалық полиция бөліміне шағым түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласының жас тұрғыны шағымында белгісіз біреулер оны көшеде тоқтатып, ақша беруді талап еткенін айтқан.

Содан кейін қаскүнемдер оны ұрып-соғып, қалтасындағы ұялы телефон мен 20 мың теңгені күштеп алып, қолындағы алтын білезігін шешіп алып кеткен.

Жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден асады.

Бұл факт қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді. Оқиға орнына келген полицейлер тексеріс жүргізіп, куәгерлерден жауап алған.

Нәтижесінде бір күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген. Полицейлер одан телефон мен білезікті тәркілеп, оларды жәбірленушіге қайтарған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Еске сала кетейік, Петропавлда полицейлер бойжеткеннің қолындағы смартфонын тартып әкеткен жігітті ұстады. Ол бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Айта кеткен жөн, Ақмола облысында ер адам 15 жастағы қыздың телефонын ұрлап кеткені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932973-turkistanda-zas-qyzdy-uryp-sogyp-tonap-ketken/

pixel