Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістан туристер үшін шекарасын ашпақ

Опубликовано:

Үндістан72
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістан алдағы 10 күннің ішінде саяхатшылар үшін шекарасын ашып, туризм саласын қайта жандандырмақ. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады деп жазады Хабар24.

Бұл үшін билік елге келетін алғашқы 500 мың мейманға тегін виза тарату жобасын қолға алмақ.

Биліктің бұл шешіміне аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың оңалуы себеп.

Айта кетейік, Үндістан саяхатшыларға электронды виза беруді өткен жылдың наурыз айында тоқтатқан болатын. Бұған жер-жаһанды жайлаған пандемия себеп болды.

Бүгінде Үндістанға туристер үшін 1 айлық визаның құны орта есеппен 25 доллар, ал бір жылға 40 доллар тұрады.

Жаңа жоба үшін билік мемлекет қазынасынан 10 млн 800 мың АҚШ долларды сарп етпек.

Туристерге нақты қандай талап қойылатыны әзірге белгісіз. Болжам бойынша шетел азаматы міндетті түрде коронавирусқа қарсы егілуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда бір тәулікте 22 млн адам COVID-19-ға қарсы екпе салдырып, елдегі рекордиы жаңартқан еді.

БАҚ жазуынша, осылайша халық пен жергілікті билік 71 жасқа толған елдің премьер-министрі Нарендра Модидің туған күніне сый жасаған.

Бұған жауап ретінде Моди өзінің Twitter парақшасында ел азаматтарын мақтан тұтатынын және бұны өзіне көрсетілген үлкен құрмет деп санайтынын жазды.

Үндістанда бір тәулікте коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар бойынша рекорд 27 тамызда тіркелген болатын. Ол кезде коронавирусқа қарсы бір тәулікте 13 миллион адам вакцина алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1932976-undistan-turister-usin-sekarasyn-aspaq/

pixel