Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің есімі жарияланды

Опубликовано:

полиция көлігі11
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Алматының "Ақбұлақ" ықшамауданында болған атыстан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің есімі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, атыс кезінде оқ жарақатын алған Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры 1982 жылы туған Дархан Дауылбайұлы Сүлеев;

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны 1988 жылы туған Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев қайтыс болған.

Еске сала кетейік, қайғылы жайт бүгін сағат 17.00 шамасында, Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болған.

Күдікті ұсталған. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932984-almatydagy-atys-kezinde-qaza-tapqan-policiya-qyzmetkerlerinin-esimi-zariyalandy/

pixel