Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда жағдайы төмен отбасыларға тиесілі баспана басқаларға заңсыз берілген

Опубликовано:

Пәтер25
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тиесілі баспана басқа біреулерге берілген. Мұны қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінде аудит жүргізген тексеру комиссиясы анықтаған деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Басылымның мәліметінше, жалпы сомасы 3 миллирд теңгегі құрайтын қаржылық заңбұзу дерегі әшкереленген.

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерлерді негізсіз берудің 9 фактісі анықталып, тұрғын үй заңнамасының жүйелі түрде бұзылғаны да белгілі болған.

Екі пәтерді аталған бөлімнің қызметкерлері жалдап тұрған екен. Заңсыздыққа жол берген бөлім басшысына айыппұл салынған.

"Жүргізілген мемлекеттік аудит бойынша материалдар Петропавл қаласының әкімдігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және прокуратураға жіберілді. Жалға берілген 4 пәтер бухгалтерлік есепте тұрмаған. Ал жалпы аумағы 170 шаршы метр болатын баспана тіпті, жекенің қолына өткен", – дейді аудит комиссиясының мүшесі Марат Ебжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932989-petropavlda-zagdaiy-tomen-otbasylarga-tiesili-baspana-basqalarga-zansyz-berilgen/

pixel