Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: Оқиға орнында не болып жатыр (фото)

Опубликовано:

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгін Алматыда қайғылы оқиға болды - ықшамаудандардың бірінде тұрғын оқ жаудырды. Бес адам қаза тапты, оның ішінде екі полиция қызметкері бар. KAZ.NUR.KZ тілшісі оқиға орнына келіп жетті.

Тілшіміздің айтуынша, қазір оқиға болған жер бірнеше жерден қоршалған - қайғылы жағдай болған үй ғана емес, айналасындағы аумақ та толық қоршауға алынды.

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оқиға орнында әлі де полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі жүр.

Алдағы сағаттарда оқиға орнында Алматы полиция департаменті басшылығының брифингі ұйымдастырылады.

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 20 қыркүйекте алматылық тұрғын оқ жаудырып, салдарынан бес адам, соның ішінде екі полицей мен сот орындаушысы көз жұмған болатын. Қайғылы жағдай жеке үйлердің бірінен тұрғындарды көшіру туралы сот бұйрығын орындау кезінде болды.

Күдікті ұсталды. Сонымен қатар, полиция қаза болған тәртіп сақшылары туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932991-almatydagy-atys-oqiga-ornynda-ne-bolyp-zatyr-foto/

pixel