Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқ жаудырған Алматы тұрғыны қандай жазаға тартылуы мүмкін

Опубликовано:

Атыс орны
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов шұғыл брифингте оқ жаудырған азамат өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифингте Алматы полициясы басшысының орынбасары Алматы тұрғынының полицейлер мен сот орындаушыларына тапаншадан оқ атқанын растады. Қайғылы жағдай екі адамның арасындағы меншікке қатысты дау бойынша сот шешімін орындау кезінде болған.

Салдарынан бес адам, соның ішінде екі полиция қызметкері мен мүліктің жаңа иесі қаза тапты. Оқ жаудырған азаматты жедел қимылдайтын арнайы жасақ ұстады. Күдіктіні ұстау кезінде қару қолданылмаған, себебі үйде әйел мен балалар болған.

"Аталған фактіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағаны үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді Әбдірахманов.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйекте алматылық тұрғын полиция қызметкерлері мен сот орындаушыларына оқ жаудырып, салдарынан бес адам қаза тапқан еді.

Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, оқ атушыда аңшы мылтығы болғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, полиция қаза болған тәртіп сақшылары туралы айтып берді.

Көп ұзамай желіде оқиға орнынан видео пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932998-oq-zaudyrgan-almaty-turgyny-qandai-zazaga-tartyluy-mumkin/

pixel