Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүйкесі сыр берген болар": Алматыда оқ жаудырған ер адам туралы көршілері айтып берді

Опубликовано:

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда оқ жаудырған ер адам туралы көршілері айтып берді. Бес адамның өмірін қиған қайғылы жағдайға жергілікті тұрғындар сене алар емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқ жаудырған ер адамның көршілері KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді. Олардың айтуынша, атыс ұйымдастырған азамат екі жыл бұрын үйін кепілге қойып, несие алған. Нәтижесінде банк үйді сатып жіберіп, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері мен баспананың жаңа қожайыны үйді босатуды талап етіп келген.

"Ол жақсы жігіт сияқты еді. Бәлкім, жүйкесі сыр берген болар. Мен оны айына бір рет көретінмін, амандасып жүргенімізбен, сөйлескен емеспіз", - дейді ер адамның тағы бір көршісі.

Көршілері бұл қайғылы жағдайдан кейін есеңгіреген күйге түскендерін жасырмады.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйекте алматылық тұрғын полиция қызметкерлері мен сот орындаушыларына оқ жаудырып, салдарынан бес адам қаза тапқан еді.

Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, оқ атушыда аңшы мылтығы болғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, полиция қаза болған тәртіп сақшылары туралы айтып берді.

Көп ұзамай желіде оқиға орнынан видео пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933003-zuikesi-syr-bergen-bolar-almatyda-oq-zaudyrgan-er-adam-turaly-korsileri-aityp-berdi/

pixel