Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жазушы Рафаэль Ниязбектің отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев11
Фото: Liter.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Жеделхатты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.

Рафаэль Ниязбек ұзақ жылдар "Жазушы" баспасында жемісті жұмыс жасады. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға көп үлес қосты. Шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, ақын, жазушы Рафаэль Ниязбек 20 қыркүйек күні 78 жасында өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933016-toqaev-zazusy-rafael-niyazbektin-otbasyna-konil-aitty/

pixel