Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: Путин Тоқаевқа көңіл айтты

Опубликовано:

Алматы атыс852
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ресей президенті Владимир Путин Алматыда бес адам қайтыс болған қайғылы жайтқа байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Кремльдің ресми сайты хабарлады.

Хабарламада мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлескені айтылған.

Оның барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қыркүйек күні Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде болған қанды оқиғаның салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқан.

Өз кезегінде Владимир Путин де Алматыдағы атыс кезінде қаза болған марқұмдардың отбасына көңіл айтатынын жеткізген.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болған.

Күдікті ұсталған. Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2-бөлігі ("Екі немесе одан да көп адамды өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933020-almatydagy-atys-putin-toqaevqa-konil-aitty/

pixel