RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңға дейін азайды

Аурухана
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 2093 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 190
  • Алматы қаласы - 415
  • Шымкент қаласы - 43
  • Ақмола облысы - 147
  • Ақтөбе облысы - 58
  • Алматы облысы - 254
  • Атырау облысы - 29
  • Шығыс Қазақстан облысы - 128
  • Жамбыл облысы - 55
  • Батыс Қазақстан облысы - 39
  • Қарағанды облысы - 304
  • Қостанай облысы - 107
  • Қызылорда облысы - 32
  • Маңғыстау облысы - 8
  • Павлодар облысы - 183
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 76
  • Түркістан облысы - 25

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 864 955-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 3 509 науқас жазылып шыққан.

Қазір елімізде 8 803 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 12 381 пациент стационарда, 56 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

987 адамның жағдайы ауыр, 261 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Одан бөлек, қазір коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта;

Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "сары" аймақта.

Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933028-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-2-mynga-deiin-azaidy/