Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Тағы екі облыс "сары" және "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша екі өңір "сары" және "жасыл" аймаққа өтті деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

Ведомствоаралық комиссия ұсынған мәліметке сүйенсек, 21 қыркүйектегі жағдай бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткен.

Ал Маңғыстау облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа оралған.

  • Қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары;
  • "сары" аймақта Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.

Айта кетейік, елімізде күн сайын эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Мәселен, өткен тәулікте 2093 адамнан коронавирус анықталған.

Ал жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 864 955-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 3 509 науқас жазылып шыққан.

Қазір елімізде 8 803 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 12 381 пациент стационарда, 56 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

987 адамның жағдайы ауыр, 261 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933040-koronavirus-tagy-eki-oblys-sary-zane-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel