Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда iPhone алу үшін мал ұрлаған жас жігіттер бес жылға сотталып кетті

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысында iPhone алу үшін мал ұрлаған 20 жастағы екі жігіт түрмеге қамалды деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстовның мәліметіне сүйенсек, ер адамдар ұрлық жасау үшін алдын ала сөз байласқан.

Олардың қылмысқа баруына қымбат ұялы телефон алуға ақшаларының жетпеуі себеп болған. Сөйтіп екеуі жайылымнан бірнеше бас ұсақ малды ұрлап кеткен.

Екі жігіт де сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Олар жазасын ОВ-156/1 түзету мекемесінде өтеуде.

"Соңғы уақытта жастар арасында мал ұрлығы белең алды. Ұрланған малға чип қойылған болса, оны табу оңай. Ал қылмыс жасаған азамат қатаң жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық кодекске сәйкес, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді ОВ 156/1 мекемесі жедел бөлімінің бастығы Мақсат Бақатбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік салонына ұрланған жылқыны тірідей салып алған тұрғын қолға түскен еді.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жайылымнан мал ұрлап, ұрланған малды сатып алушы табылмайынша тірі күйінде ұстауды әдетке айналдырған көрінеді.

Полицейлер оны кезекті ұрлық үстінде ұстаған. Кейіннен көлік салонындағы жылқының иесі табылған. Ол жылқысы ұрланғанынан мүлде бейхабар болған.

Құзырлы орган күдіктінің осыған дейін бірнеше жылқы мен бұзау ұрлағанын да анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933051-sygys-qazaqstanda-iphone-alu-usin-mal-urlagan-zas-zigitter-bes-zylga-sottalyp-ketti/

pixel