Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

Опубликовано:

Нұрсұлу Беркімбаева
Нұрсұлу Беркімбаева. Фото: zakon.kz

Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева қызметінен кетті. Бұл туралы өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады деп жазады "Диапазон".

Ведомствоның мәліметінше, Нұрсұлу Беркімбаева 18 қыркүйектен бастап зейнетке шыққан.

Ақтөбе облысы бас санитарлық дәрігерінің міндетін департамент жетекшісінің орынбасары Гүлбану Дәулетова уақытша атқаратын болады.

Ведомствоға кімнің басшы болып тағайындалатыны қосымша хабарланбақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе тұрғындары еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовты сотқа бергенін жазған едік.

Олар арызда Ерлан Қиясов қол қойған қаулыдан коронавирусқа қарсы екпе алмаған қызметкерлерді жұмысқа жібермеу туралы пунктті алып тастауды сұраған. Арыз жазушылардың сөзінше, бұл талап заңсыз.

Ақтөбе соты бас санитарлық дәрігер Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтінін, дау тудырған қаулы елордада шыққанын есепке ала отырып, істің де сонда қаралғаны дұрыс деп шешкен.

Нәтижесінде арыз қаралу үшін Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933054-aqtobe-oblysynyn-bas-sanitarlyq-darigeri-qyzmetinen-ketti/

pixel