Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: Бақытжан Сағынтаев марқұмдардың отбасына барып, көңіл айтты

Опубликовано:

Алматыдағы атыс
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 20 қыркүйекте болған атыстан қаза тапқандардың үйіне барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшысының Алатау ауданындағы қайғылы оқиғадан қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқаны хабарланды.

"Бақытжан Сағынтаев марқұм полицейлердің отбасына барып, көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін айтқан еді.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болған.

Күдікті ұсталған. Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2-бөлігі ("Екі немесе одан да көп адамды өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933063-almatydagy-atys-baqytzan-sagyntaev-marqumdardyn-otbasyna-baryp-konil-aitty/

pixel