RU

Алматыдағы атыс: Оқиға орны әлі де қоршалған (фото)

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда 20 қыркүйекте бес адамның өмірін қиған оқиға орны әлі де қоршалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үйдің маңында адамның қарасы көрінбейді. Арасында үйдің қасынан ары-бері өтіп жатқан көршілері бұл жайт туралы тіс жармауды жөн санауда.

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Тек бір көршісі ғана қылмыс болған үйден бұған дейін ешқандай шуды естіп көрмегенін, ал кешкісін жұмыста болғасын қайғылы жайттан бейхабар екендігін алға тартты.

Атыс орны
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу жұмыстары жалғасуда.

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Көп ұзамай желіде оқиға орнынан видео тарады.

Күдікті ұсталған. Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2-бөлігі ("Екі немесе одан да көп адамды өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933071-almatydagy-atys-qylmys-ornynda-buginde-ne-bolyp-zatyr-foto/