Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Опубликовано:

лабротория555
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Министрдің сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі шілде-тамыз айларында коронавируспен ауырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізген.

96 үлгіні секвенирлеу нәтижесінде елімізде бірнеше штамм тіркелген. Атап айтқанда, Delta "үнді штамы" - 57 адамнан (59,4%), Alpha "британиялық штамы" - 24 адамнан (25%), "Ухань" коронавирусы - 10 адамнан (10,4%) және Eta "Нигерия штамы" - 5 адамнан (5,2%) анықталған.

Ал жаңа Eta "Нигерия штамы" төрт өңірде тіркелген: Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1.

Алексей Цой "Eta" штамы туралы 2020 жылдың желтоқсан айында белгілі болғанын айта кетті. Коронавирустың бұл түрін жұқтырғандар ең алдымен Нигерия мен Ұлыбританияда тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, "Eta" штамы әлемнің 77 елінде таралған. Сондай-ақ, министр аталмыш штамм ДДСҰ бақылауына алған штамдарға жататынын атап өтті.

"Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығын, жақындарының және туыстарының денсаулығын сақтауға шақырады. Инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі - коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін салдыру", - дейді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933075-qazaqstanda-koronavirustyn-zana-stamy-anyqtaldy/

pixel