RU

"Той өткізуге рұқсат": Елімізде карантин талаптары жеңілдейтін болды

Мейрамхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында елімізде карантин талаптарын жеңілдету туралы шешім қабылданды.

Отырыста денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы екі аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60 пайызға төмендегенін айтты.

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:

  • 27 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін (той, мерейтой, банкет, конференция, көрме т.б.).
  • 16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдивы, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзірбайжан).
  • Эпидемиологиялық ахуал қолайлы және халықты вакцинациялау деңгейі жоғары 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов вакцинацияға қолжетімділікті арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.

Фото
Фото: t.me/CSEC_RK

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933083-toi-otkizuge-ruqsat-elimizde-karantin-talaptary-zenildeitin-boldy/