Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің бірінің артында бес баласы қалды

Опубликовано:

Марқұм полицейлер
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов брифинг кезінде "Ақбұлақ" шағынауданында болған атыста қаза тапқан полицейлер туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Таймерденовтің сөзінше, учаскелік полицейлердің бірі - Дархан Сүлеев тамыз айында ғана жұмысқа кірген. Жуырда академия бітірген марқұмның артында бес баласы қалған.

Екінші учаскелік полицей Нұрбол Байғазиевтің артында екі кішкентай баласы қалған.

Таймерденов қайтыс болған полицейлерге тұрғындар үнемі оң бағасын бергенін, басшылық тарапынан да жиі мадақталғанын айта кетті.

Оның сөзінше, учаскелік инспекторлардың қызметтік қаруы болған. Алайда олардың қаруды неге қолданбағанын тергеу анықтайтын болады.

Айта кетсек, бұған дейін атыс кезінде қаза тапқан бесінші адамның кім екені анықталған еді. Ол үйдің жаңа иесінің досы болып шыққан. Ер адам үйді босату кезінде куәгер ретінде досымен бірге келген.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933093-almatydagy-atys-kezinde-qaza-tapqan-policeilerdin-birinin-artynda-bes-balasy-qaldy/

pixel