Қазақстан 30 елмен визасыз режимді қайта жандандырмақ
Опубликовано:

Қазақстанда карантин талаптары жеңілдетіледі. Оған сәйкес, еліміз коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарған және вакцинация деңгейі жоғары 30 елмен визасыз режимді қайта жандандырмақ.
Атап айтқанда:
- Бахрейн;
- Бельгия;
- Венгрия;
- Германия;
- Дания;
- Исландия;
- Испания;
- Италия;
- Канада;
- Катар;
- Кипр;
- Кувейт;
- Лихтенштейн;
- Люксембург;
- Мальта;
- Монако;
- Нидерланды;
- Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ);
- Польша;
- Португалия;
- Корея Республикасы;
- Сауд Арабиясы;
- Сингапур;
- Словакия;
- Финляндия;
- Франция;
- Чех;
- Чили;
- Швеция;
- Жапония елінің азаматтары алдағы уақытта Қазақстанға визасыз кіре алады.
Одан бөлек, 16 елмен әуе қатынасы қайта жандабақ әрі рейстер саны ұлғайтылмақ.
Олар: Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзербайжан.
Айта кетейік, бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында елімізде карантин талаптарын жеңілдету туралы шешім қабылданды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933105-qazaqstan-30-elmen-vizasyz-rezimdi-qaita-zandandyrmaq/