Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында 12 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпаратқа полиция пікір білдірді

Опубликовано:

жасөспірім қыз11
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында 12 жастағы қызды 35 жастағы ер адамның зорлағаны туралы ақпарат тарады. Мәселенің мән-жайын білу үшін Қазақпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқан.

Желіде тараған мәліметте жаға ұстататрлық жағдай Меркі ауданында болғаны, күдіктінің мектеп оқушысымен Instagram әлеуметтік желісінде танысқандығы айтылуда.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Қазақпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқан.

Ведомствоның мәліметінше, Меркі ауданының полиция бөліміне Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны Жамбыл облыстық балалар ауруханасына жүгінгені туралы хабарлама түскен.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізілді. Аталған дерекке қатысты Меркі АПБ ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты істің мән-жайы жария етілмейді", - деп толықтырды полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933109-zambyl-oblysynda-12-zastagy-qyzdyn-zorlangany-turaly-aqparat-tarady/

pixel