Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғынынан люкс санаттағы кроссовер тәркіленді

Опубликовано:

көлік
Фото: Маңғыстау облысы МКД

Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеуден жалтарғандарға қарсы шаралар қолдана бастады. Мәселен, Ақтау тұрғынынан люкс санаттағы кроссовер тәркіленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері және сот орындаушыларының көмегімен борышкерлердің автокөліктері көшеде ұсталып, айыппұл тұрағына жеткізіледі.

"Салық қарызы 750 мың теңгеден асатын Ақтау тұрғынының автокөлігі айыппұл тұрағына берілді. Көлік Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Әкімшілік полиция және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы қызметкерлерінің рейдінде тәркіленді", - делінген хабарламада.

Көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша берешегі бар автомобильдерді анықтау және арнайы айыппұл тұрағына қою бойынша рейдтер жүргізу кезінде 2019-жылдан бастап 2020-жылға дейін салық бойынша берешегі үшін Мерседес маркалы автомобиль тоқтатылған.

Аталған автокөлік көлік салығы бойынша қарыздың жалпы сомасы 750 мыңнан астам теңгеге тәркіленді.

Қарызды өтегенге дейін иесі көлікті полицияның арнайы айыппұл тұрағына берген. Рейдтік іс-шара жыл соңына дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933140-aqtau-turgynynan-lyuks-sanattagy-krossover-tarkilendi/

pixel