Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жұма намазы енді мешіт ішінде оқылатыны рас па

Опубликовано:

Мешіт
Фото: SPUTNIK / АБЗАЛ КАЛИЕВ

Елімізде 27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та "жасыл" болуы тиіс.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 пайыздан, "сары" аймақта 30 пайыздан, "қызыл" аймақта 20 пайыздан аспауы керек.

Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.

Айта кетейік, бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында елімізде карантин талаптарын жеңілдету туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933148-qazaqstanda-zuma-namazy-endi-mesit-isinde-oqylatyny-ras-pa/

pixel