RU

Жұқпалы аурулар бөлімшелерінде вакцина алған балаларға төсек-орындар дайындалғаны рас па

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Whats‘App мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орындар дайын екендігі туралы аудиохабарлама тарап жатыр. Автодың сөзінше, олар мектептерде вакцина шашқаннан кейін қажет болады. Алайда денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпартты жоққа шығарды деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орындар дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда, керісінше, КВИ-мен сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылуда. Сондай-ақ бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933165-zuqpaly-aurular-bolimselerinde-vakcina-algan-balalarga-tosek-oryndar-daiyndalgany-ras-pa/