RU

ШҚО-да жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 21 қыркүйекте таңғы сағат 03.00 шамасында республикалық маңызы бар "Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясы шекарасы" тас жолының 29-шақырымында болған.

"Toyota RAV-4" маркалы автокөлікті тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші Предгорный елді мекенінен Глубокое ауылына қарай келе жатты. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол рульге ие бола алмай қалды. Соның салдарынан көлік жолдан ұшып кетіп ағашқа соғылған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апатынан дене жарақатын алған ер адам Глубокое ауылындағы ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысындағы тас жолда жүк көліктерінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам көз жұмғанын хабарлаған едік.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. DAF 460 жүргізушісі қамауға алынған. Сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933172-sqo-da-zoldan-usyp-ketip-agasqa-sogylgan-kolik-zurgizusi-auruxanaga-zetkizildi/