Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Түркімен поштасы тұрғындардың президентке шағымдарын жібермей отыр

Опубликовано:

1
Фото: centralasian.org

Түркіменстанның Лебап уәлаятындағы пошта бөлімі президентке, сонымен бірге Ашғабаттағы министрліктер мен мекемелерге жазылған шағым хаттарды жолдауды кешіктіреді деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтар қызметі.

Лебап тұрғындарының Азатлык тілшісіне айтуынша, аймақта шешілмеген мәселелерді азаматтар астанаға жолдайды. Бірақ біраз уақыттан соң Ашғабатқа шағымданған азаматтарды жергілікті әкімшілік қайта шақыртады.

"Екі апта бұрын мен президентке, "Түркіментелеком" агенттігіне арыздандым. Үйге wi-fi орнату қызметіне көңілім толмайтынын жаздым. Хатты поштада тіркеді. Бірақ үш күннен соң мені Түркіменабад қаласының әкімдігі шақыртты", - дейді жергілікті тұрғын.

"Менімен сөйлескен шенеунік хатта не жазылғанын біліп отыр. Хат Ашғабатқа жетпегені түсінікті болды. Шенеунік маған: "Президентке неге шағымданасың?" Арызданба! Бізге жаз, оны қараймыз", - деді. Ол маған арыз қаралатынын айтып, шығарып салды", - дейді тұрғын.

Содан бері бір аптадан астам уақыт өткен, бірақ мәселе әлі шешілмеген.

Аймақтағы тағы бірнеше тұрғын шағымдары Ашғабатқа жетпегенін растап отыр.

"Түркіменпоштаның" Түркіменабад қаласындағы бөлімі осы мәселеге қатысты сауалдарға жауап беруден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933175-baq-turkimen-postasy-turgyndardyn-prezidentke-sagymdaryn-zibermei-otyr/

pixel