Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада 19 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Ақбота Есбол11
Ақбота Есбол. Фото: Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті

Нұр-Сұлтан қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен Ақбота Есбол есімді 19 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы органның мәліметінше, бойжеткен 19 қыркүйек күні таңғы сағат 11:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Оның осы күнге дейін қайда екені белгісіз.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы шамамен 160-165 см, арықша келген, шашы қара және иғына дейін түсіп тұрады. Одан бөлек, бетінде қалы бар. Үйден шығып кеткен күні үстінде қара куртка, көк джинс шалбар аяғында түрлі-түсті кроссовка болған.

Осы орайда ведомство Ақбота Есбол жайлы қандай да бір ақпарат білетін жандар болса Есіл ауданының полиция басқармасына келесі нөмірлер бойынша 8 (7172) 71-65-53, 71-65-57, 71-65-58, 8 (702) 199-19-11 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында төрт баланың әкесі іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

39 жастағы Өмірсерік Әлімқұлов үйінен Мерседес-230 көлігімен вахтадағы жұмысына шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.

Кейін полиция қызметкерлері Шалғы ауылынан 50 шақырым жерден оның көлігін тапты.

Полицияның мәліметінше, көліктің ішінде ешкім болмаған, көлікке көзге көрінетін зақым келмеген және бұзылмаған, есігі құлыптанған.

Сонымен қатар, Атырауда 34 жастағы ер адамның жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933198-elordada-19-zastagy-qyzga-izdeu-salyndy/

pixel