Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да тыйым салынған ағымның әдісін ұстанған "емші" жауапқа тартылды

Опубликовано:

емші11
фото: pexels.com

СҚО полицейлері "Ата жолы" әдісін ұстанған "емшіні" жауапқа тартты деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іс-шара барысында СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған "Ата жолы" культтік-мистикалық ағымның әдісі бойынша "емшілікпен" айналысып, адамдардың денсаулығына қауіп төндірген Қызылжар ауданы тұрғынын ұстаған.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-бабы 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) бойынша хаттама толтырылған.

СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаевтың айтуынша, облыста жыл басынан бері діни заңнаманы бұзудың 16 фактісі тіркелген.

"Жиі кездесетіні интернетте діни материалдардың жариялануы. Бұзушылықтардың санын азайту үшін басқарма қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізуде. Білім беру мекемелерінің оқушыларымен, ұйымның еңбек ұжымдарымен кездесу кезінде заңнама талаптары, экстремистік ағымдардың тарапынан болатын қаупі туралы айтылады. Солтүстікқазақстандықтардан заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933206-sqo-da-tyiym-salyngan-agymnyn-adisin-ustangan-emsi-zauapqa-tartyldy/

pixel