Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді

Опубликовано:

оқу
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Жаңа оқу жылының басынан 20 қыркүйекке дейін Түркістан облысында 38 мұғалім мен 148 оқушы коронавирустық инфекциямен ауырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, өңірде 71 оқушы сабаққа офлайн форматта қатысып келген, қалған 77 оқушы оқу жылы басталғанға дейін жұқтырған.

​Эпидемияға қарсы іс-шаралар барысында науқастармен байланыста болған 2 176 оқушы, яғни 92 сынып 14 күндік үй карантиніне оқшауланып, оқыту онлайн-форматқа ауыстырылды. ​​​​​​​​​​​​

"2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы" бас мемлекеттік санитар дәрігердің №36 қаулысына сәйкес сыныпта (топта) COVID-19 ауруы тіркелген жағдайда сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауланады. Облыстың 934 білім беру ұйымдарында 100 пайыз "ASHYQ"бағдарламасы енгізілген.

Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары COVID-19 -дың таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. ​​​​​​​​​​​​Жаңа оқу жылы қарсаңында "ZOOM" платформасы арқылы мектеп директорлары мен оқу орындарының медицина қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша семинарлар өткізілді" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933228-turkistan-oblysynda-2-mynnan-astam-oqusy-karantinge-ziberildi/

pixel