Соңғы деректер шықты: Қазақстанның неше өңірі "жасыл" аймақта
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
22 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.
"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.
Ал Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта.
Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 2 411 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 867 366.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933237-songy-derekter-syqty-qazaqstannyn-nese-oniri-zasyl-aimaqta/