Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда карантин жеңілдетілді: Қай елдермен рейстер қайта жанданды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Карантин жеңілдегеннен кейін Қазақстан бірқатар елдермен рейстерді қалпына келтірді. Cоңғы деректерге сәйкес, отандастарымыз 16 елге ұша алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қыркүйектен бастап 16 елге тұрақты халықаралық рейстер ашылды. Атап айтқанда, кешеден бері Қазақстан төмендегі мемлекеттермен ұшатын рейстер санын көбейтті:

  • Ресей Федерациясы - 54 рейске,
  • Түркия - 7 рейс, БАӘ - 9 рейске,
  • Өзбекстан - 5 рейске,
  • Германия - 5 рейске,
  • Мальдив аралдары - 3 рейске,
  • Оңтүстік Корея - 6 рейске,
  • Польша - 2 рейске,
  • Венгрия - 1 рейске,
  • Сауд Арабиясы - 1 рейске.

Одан бөлек, Чехиямен тұрақты аптасына 2 рейс, Қытаймен аптасына 8 рейс, Әзірбайжанмен аптасына 3 рейс қалпына келтірілді.

Алдағы уақытта Қазақстаннан Италия, Шри-Ланка мен Кувейтке ұшатын рейстерді қалпына келтіру жоспарлануда.

"Қазіргі уақытта әкеакомпаниялары ұшу кестесін жасап жатыр. Рейстер жоғарыда аталған елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі", - делінген министрлік хабарламасында.

Осы орайда рейстердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатыны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933256-qazaqstanda-karantin-zenildetildi-qai-eldermen-reister-qaita-zandandy/

pixel