RU

Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан азаматтардың құрметіне мурал салынды (фото)

Фото
Фото: Almaty.tv

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтардың құрметіне Петропавл қаласындағы көпқабатты үйдің қабырғасына алып сурет салынды деп хабарлайды Алматы телеарнасы. 

Туындыны Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің қабырғасына салған. Мурал авторы көкшетаулық суретшілер.

Қылқалам шеберлері өрт сөндірушілердің батылдығын барынша айқын көрсетуге тырысқан.

"Бұл суретті жасау идеясы бұрын пайда болған, бірақ Тараздағы соңғы қайғылы оқиға жоспарымызды тез іске асыруға әсер етті.  Біз қайтыс болған өртсөндірушілерді ұмытпай, мәңгі еске алуды жөн көрдік. Петропавлдың әрбір тұрғыны, қала қонақтары осы суретті көріп, өрт сөндірушілердің батыл әрі өз өмірін қиған азаматтар екенін біліп жүрсе екен дейміз", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Евгений Журавлев. 

Еске сала кетсек, бір ай бұрын Жамбыл облысы Байзақ ауылында алапат жарылыс орын алған болатын. 17 адамның өмірін жалмаған оқиға бүкіл қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Одан бөлек, 29 тамыз елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933289-zambyldagy-zarylysta-qaza-tapqan-azamattardyn-qurmetine-mural-salyndy-foto/