Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық жігіт өзгенің картасындағы ақшаның бәріне мүшеқап сатып алған

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/pavlo.detka

Павлодар тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшалардың біріне жариялау үшін видео жіберді. Ондағы мақсаты – видеода азаматшаның жоғалтып алған картасымен сауда жасаған жас жігітті табу. Жас жігіт 5 мың теңгеге толтырып мүшеқап сатып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәріхананың кассасында түсірілген кадрда жігіттің төлемді банк картасымен төлегені анық көрінеді. Бозбала үлкен қораптағы мүшеқап сатып алады. Видеодағы басты кейіпкер кассада бөтен біреудің картасымен есеп айырысқан.

"Біреу менің картамды тауып алып, дәріханада 5000 теңгеге зат сатып алған, содан кейін дүкенге барып 1060 теңгеге, кейін 320 теңгеге сауда жасады. Ол менің ақшама мүшеқап сатып алған", – делінген видеоның сипаттамасында.

Әлеуметтік желі арқылы бойжеткен жас жігіттен ақшаны қайтаруды сұрады. Қолданушылар бұл жағдай туралы әзілдей бастады.

"Біреудің өмірі қызыққа толы секілді ғой", "Сақтанғаны дұрыс болған, менің ақшама біреу сүт пен сыра сатып алған", "Жігіт қауіпсіз жыныстық қатынасты қолдайды, бұл қуантарлық жайт", "Мынадай саудадан кейін біразға дейін жігіттің бос уақыты болмайтын секілді ғой", – деп жазды пікір білдіргендер.

Павлодар облысының полиция департаменті картаның жоғалғаны туралы арызбен ешкім жүгінбегенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933296-pavlodarda-zogalgan-karta-tauyp-algan-zigit-aqsanyn-barine-museqap-satyp-algan/

pixel