RU

Пермь университетіндегі атыс кезінде жараланғандар саны 43-ке жетті

Университет
Фото: РИА Новости / Алексей Романов

Пермь университетіндегі атыс құрбандарының саны 43-ке жетті деп хабарлайды РИА Новости.

Аймақтың денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, 43 адамның 12-сі Пермь қаласындағы үш ауруханада жатыр.

"Бүгінге дейін 43 адам жарақат алды, бұл кешегімен салыстырғанда бір адамға артық. Олардың 12-сі Пермь қаласындағы үш ауруханада жатыр. Ауыр жарақат алған – оқ атқан адам. Амбулаторлық жағдайда емделіп жатқан науқастардың да халі қанағаттанарлық", – деді облыстың денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Пермь мемлекеттік университетінде атыс болғанын хабарлаған едік.

Атыс кезінде кейбір студенттер ғимараттағы терезе арқылы сыртқа шығып үлгерсе, енді бірі аудиторияларға тығылған. Атыс кезінде травматикалық қару қолданылған. Оқиға куәгерлері қолына қару алып ғимаратқа қарай бет алған ер адамды видеоға түсіріп алған.

Соңғы ресми мәліметтерге сүйенсек, атыстан 8 адам қаза тауып, 24 адам жараланған.

Кейінірек желіде оқ жаудырды деп күдікке ілінген азаматтың суреті тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933311-perm-universitetindegi-atys-kezinde-zaralangandar-sany-43-ke-zetti/