Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көлік апатынан 4 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Атырауда жол апатынан кейін екі жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жолаушының біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды деп хабарлайды Қазақпарат.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйекте түнгі сағат 01:20 шамасында Атырау қаласындағы Сәтпаев көшесінде болған.

Бір бағытта жүріп келе жатқан "Hyundai Accent" пен "Лада Приора" маркалы автокөліктері соқтығысқан.

Соның салдарынан "Лада Приора" көлігі электр бағанасына соғылып, екі жүргізуші мен екі жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілген.

Ведомство бір жолаушы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмғанын мәлімдеді.

Ал көлік жүргізушісі травмотология бөлімінде жатыр.

Оқиға орнында жол-көлік апатының сызбасы жасалып, екі көлік те тұраққа қойылды.

Сонымен қатар, "Hyundai Accent" көлігінің жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізіліп, ішідік ішпегені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933314-atyrauda-kolik-apatynan-4-adam-zardap-segip-bireui-koz-zumdy/

pixel