Коронавирус пен пневмониядан тағы 59 қазақстандық қайтыс болды
Опубликовано:

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан 50 адам, ковидтік пневмониядан 9 адам көз жұмды деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ, 22 қыркүйектегі мәлімет бойынша 67 404 адам коронавирус инфекциясынан (–58 738 + және 8 666 КВИ-) емделіп жатыр. Соның ішінде 12 105 пациент стационарда, 55 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Дертке шалдыққандар арасында:
- 1000 адамның жағдайы ауыр,
- 248 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 143 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Бұдан бөлек, соңғы мәлімет бойынша республикада 7 372 086 адам вакцинаның I компонентін, 6 247 031 адам II компонентін салдырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933322-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-tagy-59-qazaqstandyq-qaitys-boldy/