Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 15 жастағы жасөспірім қыз іздестірілуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Веденовка ауылының 47 жастағы тұрғыны хабарласып, 20 қыркүйектен із-түзсіз жоғалған қызы Аягөз Сағындыққызы Қапезованы іздеп табуға көмек сұраған. Ер адамның сөзінше, 15 жастағы қызы белгісіз бағытта кетіп қалған.

"Жоғалған адамды іздестіру үшін Бурабай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, берілген күштер, сондай-ақ қоғам өкілдері жұмылдырылды. Жасөспірімінің туыстары, достары, сыныптастары, достары, такси жүргізушілері, көршілерінен сұралды.

Полиция қызметкерлері қонақүйлерді, жалдамалы пәтерлерді, сауда орталықтарын, түнгі клубтарды, шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған құрылыстарды, құрылыс алаңдарын, саябақтарды, кәріз коллекторларын, гараж кооперативтерін, саяжай массивтерін, өзендер мен су қоймаларының жағалау аймақтарын және басқа да орындарды тексереді", – деді ведомстводан.

Осы ретте, ақмолалық полицейлер жоғалған қызды көрген барлық адамдарға дереу полицияға 102 нөміріне хабарлауды сұрайды. Жасөспірім үстіне сұр түсті күртеше, көк түсті джинсы, қызыл түсті кроссовка киген, өзімен бірге "Samsung" маркалы ұялы телефоны, қара түсті рюкзак болған.

Бойы 160-170 см, дене бітім орташа, қара шашты, бойы орташа, қоңыр көзді, денесінде ерекше белгілері жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933324-aqmola-oblysynda-15-zastagy-zasospirim-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/

pixel