Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше қалада жоқ пәтерді жалға беріп келген әйел ұсталды

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі фото: Newtimes.kz

Еліміздің бірнеше қаласында жоқ пәтерлерді жалға берумен айналысқан 32 жастағы әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, павлодарлық тұрғын сайттардың бірінде Павлодар, Өскемен, Петропавл және Алматы қалаларында бір бөлмелі пәтерді ұзақ мерзімге жалға беретіні туралы жалған хабарландыру орналастырған.

"Сенімді болу үшін ол жалға алушыларға тұрғын үйді төмен бағамен жалға беруді ұсынған. Азаматтар шарттарға келісіп, депозитті немесе толық соманы бір реттік абоненттік нөмірлерге аударған. Жалға алушылар қоныстанғысы келгенде, әйел жоғалып кетіп, оны таба алмай қалған", - дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазіргі уақытта ұсталған әйелдің интернет-алаяқтықтың 25 фактісіне қатысы бар екені белгілі болып отыр.

Сондай-ақ, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Ол Павлодардағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сонымен бірге, күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Осыған байланысты Павлодар облысының полиция департаменті алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтар болса полицияға хабарласуды сұрайды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысында 1078 алаяқтық дерегі тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933378-birnese-qalada-zoq-paterdi-zalga-berip-kelgen-aiel-ustaldy/

pixel