Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Тәжікстан ауған босқындарына арналған лагерь тұрғызады

Опубликовано:

лагерь
Фото: centralasian.org

Тәжікстан, Еуропа одағының көмегімен, Шамсиддин Шохин ауданындағы Хирманджо мекенінде ауған босқындарына арналған лагерь тұрғызады. Тәжікстанның бұл аймағы ауған шекарасына жақын орналасқан деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Шамсиддин Шохин ауданы әкімдігіндегі дереккөздің 21 қыркүйекте Озоди радиосына хабарлауынша, ауданда Хирманджодан бөлек тағы екі мекен таңдалған.

"Еуроодақ елшісі босқындарға арналған лагерь тұрғызылатын орындарды көреді. Содан кейін лагерь нақты қай жерде тұрғызылатыны мәлім болады. Қазір осындай екі-үш орын бар", - дейді дереккөз.

Басылымның жазуынша, бұған дейін Хатлон облысының төрағасы жазғы баспасөз конференциясында Жайхун ауданында ауған босқындарына арналған лагерь халықаралық ұйымдардың көмегімен салынатынын хабарлаған.

Одан бөлек, Еуропа одағы Тәжікстандағы ауған босқындарына көмектесу үшін 160 мың евро бөлетінін мәлімдеген. Ұйым таратқан ақпаратта Хатлон облысы мен Таулы Бадахшан автономиялы облысына 5 мың ауған азаматы қоныстанатыны айтылған.

Айта кетейік, тәліптер Ауғанстанның солтүстік аймақтарына шабуылдаған уақытта мыңдаған ауған босқыны көрші елдерге, соның ішінде Тәжікстанға қашуға мәжбүр болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін БАҚ Өзбекстан лагерь құрып, Ауғанстаннан келген жүзден аса босқынды орналастырғанын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауған босқындарын орналастыруға қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933392-baq-tazikstan-augan-bosqyndaryna-arnalgan-lager-turgyzady/

pixel