Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде пойыздың төбесіне шығып алған жас жігіт полицейлерді дүрліктірді

Опубликовано:

пойыз11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойыздың төбесіне шығып алған жігітті көлік полицейлері түсіріп алды. Бұл туралы ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Келеңсіз жағдай 21 қыркүйек, дүйсенбіде болған. 

"Ішімдік ішкен 20 жастағы ақтөбелік пойыздың төбесіне шығып кетті. Пойыз Ақтөбеден Алматыға бет алған болатын", - дейді көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев.

Оның айтуынша, жігіт пойызға билетсіз отырмақ болған. Бұл жоспары іске аспаған соң төбеге шығып кеткен. Ол жерден оны көлік полициясы қызметкерлері түсіріп алған.

"Ұсталған адам әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: "Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзу", "Теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу", "Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға масаң күйде келу", - дейді полиция генерал-майоры.

Бекиев ұсталған жігіт бұған дейін де қоғамдық орынға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменде 31 млн теңгеден аса қарызы бар ер адам пойыздан түсірілгенін жазған едік.

Өскемен полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне сот орындаушысынан қаулы түскен.

Қаулыда 52 жастағы ер адамнан қарызды өндіру қажет екені айылған. Ол мемлекеттік ұйымға 31 миллион теңгеден астам қарыз болған.

Іздестіру шаралары барысында оның Алматыдан Өскеменге билет сатып алғаны анықталып, азамат пойыздан түсірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933400-aqtobede-poiyzdyn-tobesin-sygyp-algan-zas-zigit-policeilerdi-durlikterdi/

pixel